Қоржын
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қоржын - түксіз тоқылған екі қалталы қызыл-ала қоржын. Қалталарының бетіне ақ, сары, көк түсті «қосмүйіз», «шырша ағашы», «төртқұлақ» және «итқұйрық» өрнегі салынған үлкенді-кішілі бірнеше жолақ қайталанған. Арты тықыр етіп тығыз тоқылған. Жамбыл облысы, Жуалы ауданында жасалған. 1979 ж. Алматы қ. тұрғыны ісмердің күйеуі Б.Төлемісовтан алынған.
Мерзімделу кезеңі:
1970 ж.
Материал:
Жүн, Мақта мата
Техника:
Өрмек тоқу
Өлшемі:
44х199 см.
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары, Этнография