Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Тұсалаша

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Тұсалаша. Көп түсті (ақ, қара, сары, көк, қызыл, жасыл, қоңыр) иірілген жүн жіптерден терме тәсілімен тоқылған он үш жолақтан құрастырылып, тігілген тұсалаша. Жолақтар бойында қосмүйіз, толқын, ирек, шынжара, өркеш, бес таңба өрнектері өрнектелген. Үш жағына бес таңба, ирек өрнектері тоқылған жолақтармен көмкеріліп, қара түсті иірілген жүн жіппен жиектелген. Жоғарғы жағына қабырғаға ілуге арналған күлтелі сегіз бау тағылып, етегіне қызыл түсті жүн жіптен шашақ тігілген. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы.

Мерзімделу кезеңі: ХХ ғ. 2-жартысы.
Материал: Жүн, Тығыздығы орташа мата
Техника: Өрмек тоқу, Тігу
Өлшемі: 155х256 см.
Санат: Кілем-киіз бұйымдары
Scroll to Top