Алаша
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Терме алаша. Көп түсті (сары, қызыл, ақ, қара, көк) иірілген жүн жіптерден термелеу тәсілімен тоқылған он үш қатар жолақтардан құрастырылып, тігілген алаша. Жолақтардың бойында үшкілмүйіз, тұмарша, сынықмүйіз, сырға, ирек, балдақ, жұлдызша өрнектері жарыстырыла өрнектелген. Бір жақ жанына көлденеңінен қармақ, алақұрт, су өрнектері салынған жіңішке жолақ тігілген. Қабырғаға ілуге арналған күлтелі жеті бау тағылған. Алашаның етегі иірілген жүн жіппен көктеп тігілген. Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) облысы, Созақ ауданы, Жуантөбе совхозында жасалынған.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ. 1-жартысы.
Материал:
Жүн
Техника:
Өрмек тоқу, Тігу
Өлшемі:
152х163 см.
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары