Кілем
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Бескесте» кілем. Көліне торкөз етіп қара түсті өрмекші өрнегі терілген, екі суы, бір қорғаны бар, екі шеті шашақты қызыл-сары кілем. Өрмекші өрнегінің аралықтарына ақ, сары түсті керегекөз өрнектері салынған. Жиегіне тіс өрнегінен екі қатар су жүргізіліп, арасындағы қорғанына көп түсті (ақ, сұр, қара, қоңыр) керегекөз өрнектері қиғаштай өрнектелген. Екі шетіндегі қызыл түсті жолаққа көп түсті (сұр, қара, сары, ақ) тұмарша өрнегі салынған. Кілемнің кенересі айнала қоңыр түсті жүн жіптен тоқылған. Екі шетіне желі жібінен шашақ шығарылған. Қызылорда облысы.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ. 2-жартысы.
Материал:
Жүн
Техника:
Өрмек тоқу
Өлшемі:
175х300 см.
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары, Этнография