Мәсі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Мәсі - қара былғарыдан жасалған әйел адамның күнделікті аяқ киімі. Іші жұқа брзентпен астарланған. Керсені (басы), қонышы, күлшіні жеке-жеке пішіліп, өзара тігін машинасымен тігілген. Қоныштың алдыңғы қырында машинка тігіс, балтыр қырына сыздық қайып жүргізілген. Күлшіні мен табанына қоңыр түсті қалың ұлтан салынған. Музейге 1988 ж. алынған. Былғары, брезент, ұлтан.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ.
Материал:
Брезент, Былғары, Ұлтан
Техника:
Илеу, Пішу, Тігу
Өлшемі:
Қонышы: алды - 25 см, арты - 21 см, тұрқы - 24 см, табан ені - 6,5-9 см.
Санат:
Киім және кесте, Этнография