Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Керме

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Өң беті түкті кілем тоқу тәсілімен тоқылған, қызыл-қоңыр түсті керме. Орта тұсына жасыл, ақ, қоңыр түсті геометриялық және зооморфты өрнек тоқылған. Жиегіне екі қатар қызыл, қоңыр, сары, ақ түсті шанышқы түріндегі өрнектен «су» жүргізіліп, арасына «ашамай», «төртқұлақ» өрнектері алма кезек айнала тізбектелген. Жоғарғы жағына «алақұрт» өрнегінен екі қатар «су» жүргізілген. Бір жақ шетіне қызыл түсті ызылған «қос жиек» бастырып тігілген. Етегіне қызыл, қоңыр, сұр түсті жіптерден түксіз тоқылған таспа бау және қоңыр түсті шашақ тігілген. Арты қоңыр түсті жүн жіптен тығыз етіп тоқылған. Түркіменстан. 1987 ж. ҚР МОМ-ның Түркімен КСР-на жасаған этнографиялық экспедициясы барысында Красноводск обл., Красноводск ауд., Хасан ауылының тұрғыны Ашықбаева Түгелбибіден алынған.

Мерзімделу кезеңі: ХІХ ғ. 2-жартысы.
Материал: Жүн
Техника: Тоқу
Өлшемі: 40х107 см, шашақ 22 см.
Санат: Тұрмыстық бұйымдар, Этнография
Scroll to Top