Кілем
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Түкті кілем. Көліне екі қатар етіп ақ, қызғылт түсті сегіз бұрышты табақ өрнегі терілген, төрт суы, бір қорғаны бар, екі шеті шашақты қызылқоңыр кілем. Табақ өрнегінің ішіне қызыл түсті тіктөртбұрышты шаршы және айнала ақ, қызыл түсті құснұсқа өрнектері көлденеңінен салынған. Кілемнің жиегіне көп түсті (ақ, қоңыр, қызыл, сарғыш) алақұрт және тіс өрнегінен төрт қатар су жүргізіліп, арасындағы қорғанына өрмекші өрнегі айнала тізбектелген. Екі шетіне желі жібінен қысқа шашақ шығарылған.
Мерзімделу кезеңі:
ХІХ ғ.
Материал:
Жүн
Техника:
Өрмек тоқу
Өлшемі:
118х173 см.
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары