Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Кілем

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Түкті кілем. Көліне үш шатыргүл өрнегі терілген, бір суы, бір қорғаны бар, екі шеті шашақты қанық қызыл кілем. Шатыргүл өрнегінің ішіне гүл, қосмүйіз, шаршы өрнектері салынған. Сырты айнала жасыл, қара, күрең-қызыл түсті үш қатар сынықмүйіз өрнектерімен үшкілдей жиектелген. Жиегіндегі қорғанына көп түсті (жасыл, қызыл, сары, қара, көк) төртқұлақ өрнегі салынған шаршы айнала тізбектелген. Кілемнің шетіне ақ түсті тіс өрнегінен су жүргізілген. Кенересі айнала қара түсті жүн жіптен түкті етіп тоқылып, екі шетіне желі жібінен шашақ шығарылған. Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) облысы, Алғабас ауданы, Шаян ауылында жасалған.

Мерзімделу кезеңі: ХХ ғ. 2-жартысы.
Материал: Жүн
Техника: Өрмек тоқу
Өлшемі: 225х365 см.
Санат: Кілем-киіз бұйымдары
Scroll to Top