Тиын (Түргеш қағанаты)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Тиын дөңгелек пішінді, ортасында төртбұрышты тесігі бар. Тиынның шетінде қалыңдығы шамамен 3 мм болатын дөңес жиек орналасқан. Сондай-ақ орталық тесіктің айналасында қалыңдығы шамамен 1 мм болатын қосымша жиек бар. Алдыңғы бетінде соғды тілінде жазылған айналмалы жазу берілген, ол курсивпен түсіріліп, сағат тіліне қарсы бағытта оқылады. Соғды жазуы: «xst ´w ´ xswt´ wy pny». Артқы бетінде түргештердің таңбасы бейнеленген. Таңба тиынның жиегі мен ортасындағы төртбұрышты тесіктің арасында орналасқан. Төртбұрышты тесік ромб пішінімен ерекшеленіп, таңбаның бір бөлігі ретінде көрсетілген. Таңбаның оң жағында түркілік монограмма бар. Жоғарғы бөлігінде соғды тілінде «Вүу» («Құдайлық») сөзі берілген, бұл түргеш қағанының эпитеті болып табылады.