20 тиын монетасы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат 1993 жылы шығарылған номиналы 20 тиын болатын монета болып табылады. Аверсінің ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Онда мифологиялық қанатты тұлпарлардың екі бейнесі, шаңырақ, күн сәулелері мен жұлдыз көрініс тапқан; төменгі бөлігінде мемлекет атауы жазылған. Шеңбер бойымен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу орналасқан.
Реверсінде сегіз қырлы жұлдыздың ортасында «20 ТИЫН» номиналы көрсетілген. Жұлдыздың жоғарғы бөлігінде ұлттық ою-өрнек, ал төменгі бөлігінде екіге бөлініп жазылған «19 93» жылы көрсетілген.
Мерзімі: 1993 ж.
Материалы: мырышпен қапталған мыс
Техникасы: зауыттық өндіріс (соғу)
Өлшемі: диаметрі - 21,87 мм
Мерзімделу кезеңі:
1993
Материал:
Металл
Өлшемі:
диаметрі - 21,87 мм
Санат:
Нумизматика