1 теңге монетасы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Монетаның аверсінде екі шаршы мен сегіз қырлы жұлдыздан тұратын өрнек бейнеленген. Оның ішінде «1 теңге» номиналы көрсетілген ( «теңге» сөзі диагональ бойымен жазылған). Оң жақ жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқартылған белгісі орналасқан, ал номинал цифрының сол жағында «1993» жылы көрсетілген. Жиегі бойымен нүктелі сақиналы көмкерме жүргізілген.
Реверсінде орталықта ежелгі түркілік қошқар басының бейнесі бейнеленген. Шеңбер бойымен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу орналасқан.
Мерзімі: 1993 ж.
Материалы: темір
Техникасы: зауыттық өндіріс (штамптау)
Өлшемі: диаметрі - 17,27 мм
Мерзімделу кезеңі:
1993
Материал:
Металл
Өлшемі:
диаметрі - 17,27 мм
Санат:
Нумизматика