Қыраубаев К.-ға тиесілі «Праганы азат еткені үшін» медалі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат - Қыраубаев К.-ға тиесілі «Праганы азат еткені үшін» медалі. Медаль 1945 жылғы 9 маусымда Прага операциясының сәтті аяқталуына орай Кеңес Одағының мемлекеттік наградасы ретінде белгіленген. Аверсінің ортасында «ЗА ОСВОБОЖДЕНИЕ ПРАГИ» деген бедерлі жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде сәуле шашқан күн, оның астында лавр бұтақтары мен бесбұрышты жұлдыз бейнеленген. Реверсінде «9 МАЯ 1945» деген жазу және жұлдызша бар. Медаль құлақша мен сақина арқылы бесбұрышты қалыпқа бекітілген, қалып муар лентамен қапталған.
Мерзімі: 1945 ж.
Материалы: металл, муар лентасы
Техникасы: зауыттық өндіріс, штамптау, соғу
Өлшемі: диаметрі - 4 см
Мерзімделу кезеңі:
1945
Материал:
Металл
Техника:
Соғу
Өлшемі:
диаметр 4 см
Санат:
Нумизматика