Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«Украинаны фашистік басқыншылардан азат етудің 60 жылдығы» медалі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Медаль дөңгелек пішінді, жоғарғы бөлігінде құлақшасы және бесбұрышты қалыппен жалғастыратын сақинасы бар. Қалып қызғылт түсті муарлы таспамен қапталған, оның жиектерінде көк, сары, қара және қызғылт сары түсті бойлық жолақтар орналасқан. Медальдің алдыңғы бетінде сәулет нысаны - ғибадатхана, мерекелік салют, «1944» және «2004» жылдары, сондай-ақ каска киген кеңес жауынгері мен әйелдің рельефті бейнелері берілген. Медаль Украина аумағының фашистік басқыншылардан азат етілуінің 60 жылдығына орай шығарылған. Экспонат Қыраубаев Қ. коллекциясына жатады.

Мерзімделу кезеңі: 2004
Материал: Металл
Техника: Зауыттық өнім
Өлшемі: Диаметр - 4 см
Санат: Нумизматика
Scroll to Top