Қақпақ
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Саздан қолмен пішінделіп, күйдіріліп жасалған дөңгелек пішінді, дөңес қақпақ. Қақпақтың ортасында тік көтерілген цилиндр тәрізді тұтқасы бар. Тұтқасының жоғарғы бөлігіне доға тәрізді ілмек жалғасып, оған сақина тәрізді дөңгелек элемент өткізілген. Ернеуі дөңгелек, шеті сәл қалыңдатылған.
Беткі жағы ирек сызықтармен, нүктелі ойықтармен, жарты ай тәрізді және қиғаш түсірілген геометриялық өрнектермен безендірілген. Өрнектердің бір бөлігі саздың бетіне сызып және батырып түсірілген. Төменгі жиегі мен кей бөліктерінде қалыппен түсірілген жапырақ тәрізді өсімдік өрнектері сақталған.
Қақпақ ортағасырлық керамикалық ыдыстың аузын жабуға арналған тұрмыстық бұйым болып табылады. Тұтқасы мен сақинасы қақпақты көтеріп ашуға ыңғайластырылған.
Бұйым XI-XII ғасырлардағы Отырар өңірінің қыш өндірісін, тұрмыстық ыдыстарды сәндік безендіру дәстүрін және өрнек түсірудің әртүрлі тәсілдерін сипаттайтын археологиялық дерек болып табылады.