Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Тиын

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Құны бір тиын болатын Ресей патшалығы кезеңіндегі ұсақ ақша бірлігі. Мыстан жасалған. Монетаның беткі жағында ортасына шеңбер ішінде «1 копейка», «СПБ» және «медная российская монета» деген жазулар орналасқан. Жоғарғы бөлігінде «1899 года» деген жазу бар, төменгі жағы өсімдік тектес өрнекпен безендірілген. Артқы бетінде Ресей империясының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаны сыртынан шеңбер қоршап тұр. Шеңбердің жоғарғы бөлігінде «Медная российская монета», төменгі бөлігінде «одна копейка» деген жазулар берілген. Монета Ресей империясының ақша айналымында қолданылған.

Мерзімделу кезеңі: 1899 г.
Материал: Мыс
Өлшемі: D - 2,1 см.
Scroll to Top