Т. Бекбаулиев атына берілген «1974 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісі мен куәлігі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жинаққа Темір Бекбаулиев атына берілген «1974 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісі мен куәлігі кіреді. Төсбелгі екі бөліктен тұрады: жоғарғы бөлігінде бесбұрышты жұлдызы бар қызыл эмальды таспа және алтын түсті лавр жапырақтары, төменгі бөлігінде лавр мен емен бұтақтарынан құралған жиек, сәулелер, «1974» бедерлі датасы және «ПОБЕДИТЕЛЬ СОЦСОРЕВНОВАНИЯ» жазуы бар қызыл эмальды қалқанша орналасқан. Куәлікте марапатталған адамның аты-жөні, марапаттау негізі, жауапты тұлғалардың қолдары және 7 сәуір 1975 ж. көрсетілген.
Мерзімі: 7 сәуір 1975 ж. (куәліктің берілген күні); төсбелгі КОКП ОК, КСРО Министрлер Кеңесі, БКБОК және БЛКЖО ОК тарапынан бекітілген
Материалы: Қағаз, картон, алюминий, эмаль
Техникасы: Зауыттық өндіріс, қалыптау, анодтау, эмальдау; типографиялық баспа, сиямен қолжазбалық толтыру, қол қою
Өлшемі: Куәлік - 7,5 × 11 см; төсбелгі - шамамен 3,5 × 5,5 см