Тымақ
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қазақ халқының дәстүрлі қыстық бас киімі - түлкі тымақ. Тымақтың маңдайы, екі құлақ жағы, етегі және артқы арқалығы бағалы аң терісі - қалың, ұзын қылшықты, жылтыр қара түлкі терісімен көмкерілген. Тымақтың құлақтары мен артқы арқалығы кең әрі мол етіп пішілген, мойын мен құлақты суықтан қорғауға ыңғайластырылған. Маңдайшасы жоғары қарай қайырылып, сыртқа қарай ашық орналасқан.
Бас киімнің төбесі терең, төрт сайдан (бөліктен) құралып, қою көк түсті тығыз барқыт матамен тысталған. Ішкі бөлігі жылы драп матамен астарланып, қыстың суық күндерінде киюге қолайлы етіп жасалған.
Мерзімделу кезеңі:
1980 ж.
Материал:
Мата, Мех
Техника:
Тігу
Өлшемі:
50 р
Санат:
Киім және кесте