«Теңізшевройл» ЖШС арнайы киімдер жиынтығы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Теңізшевройл» ЖШС қызметкерлеріне арналған арнайы жұмыс киімі мен жеке қорғаныс құралдарының жиынтығы. Қысқы жиынтыққа жылы астарлы қара-көк түсті күрте, ақ түсті қорғаныш каскасы, былғары арнайы аяқ киім, қорғаныш көзілдірігі, газ талдағыш және шағын сүзгі кіреді. Күртеге қауіпсіздік мақсатында жарық шағылыстыратын жолақтар түсірілген, жеңдерінде мемлекеттік және корпоративтік рәміздер бейнеленген жапсырмалар бар. Жазғы жиынтық қою көк түсті жұмыс комбинезонынан тұрады, кеуде бөлігінде «TCO» фирмалық логотипі орналасқан. Киімде қақпақшалы жапсырма қалталар және күшейтілген бөлшектер қарастырылған. Жәдігер мұнай-газ өндірісіндегі еңбек қауіпсіздігі мен заманауи өндірістік экипировканы сипаттайтын тарихи-өндірістік маңызға ие.
Мерзімі: 2019 жыл
Материалы: Мата, пластик, былғары
Техникасы: Фабрикалық, зауыттық өндіріс
Өлшемі: Күрте - 52 өлшем; аяқ киім - 43 өлшем