Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Әйел бейнесіндегі тас мүсін

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Тас мүсін қызғылт қоңыр түсті граниттен жасалған. Қолдары жартылай көрсетілген. Мүсіннің мойын тұсында әшекей бұйым - алқа немесе моншақ тәрізді өрнек қашалған. Бұл сол кезеңдегі әлеуметтік мәртебесі жоғары адамды (батыр, көсем, бектер) бейнелеуі мүмкін. Мүсіннің бетінде қас, көз, мұрын және ауыз анық қашалған. Қастары доға тәрізді, көздері сызық түрінде, сәл жабық қалыпта жасалған, бұл бейнеге мұңды, салмақты көңіл-күй береді. Мұрыны мен ерні қарапайым, бірақ айқын көрінеді. Мимикасы сабырлы, философиялық тұрғыдан ойланып тұрған адам кейпін елестетеді. Кеуденің төмеңгі тұсында екі цилиндр тәрізді шығынқы бөлігі бар. Бастың үстіңгі жағы сынған.

Мерзімделу кезеңі: ІХ - ХІІІ ғғ.
Материал: Гранит
Техника: Гравюра, Қырнау, түртпе, Оюлау, Тесу, оймалау
Өлшемі: 48 х 65 см
Санат: Археология
Scroll to Top