Тоға
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Тау текесін талап жатқан қабылан бейнеленген бедерлі тоға. Тамшы тәрізді тоға бетінде қабыланның таутекесін талауы бедерленген. Шиыршықтала бұралған қабылан алдыңғы аяқтарының тұяқтарымен олжасын құрсаулап тістерін текенің сауырына қадаған. Мойнын күрт иіп басын артқа бұрған теке қарсыласу сәтін күткен қалыпта. Жануарлар денесі жарқырауық тастар қондырылатын әркелкі ұяшықтармен айқындалған. Жалаулы ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы. Кездейсоқ олжа, 1988 ж.
Мерзімделу кезеңі:
Б.з.д. VIII -VII ғғ.
Материал:
Алтын
Техника:
Инкрустация, Қалыптау
Өлшемі:
ұзындығы - 4,1- 4,9 см, ені - 2,15-2,6 см, биіктігі - 0,24-0,25 см. Салмағы - 1,91 грамм. Сынама - 900.
Санат:
Археология, Бағалы металл (алтын)