Белдік ұштамасы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Арқарлар бейнеленген белдік ұштамасы (фрагмент). Жалаулы ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы. Кездейсоқ олжа, 1988 ж. Ұзыншалау, төртбұрышты сәл иілген ұштаманың томпақтау беті 2 қатарға дәнекерленген арқарлар мүсіншелерімен безендірілген, жоғарғы бірінші қатарда 3, екіншісінде 4 мүсінше бар. Арқарлардың аяқтары бүгілген, денесінде жарқырауық тастар қондырылатын үтір тәрізді ойық ұяшықтар бар, аралықтары жиі түйіршіктермен толтырылған. Ұштаманың жиектері астына қарай иілген.
Мерзімделу кезеңі:
Б.з.д. VIII -VII ғғ.
Материал:
Алтын
Техника:
Дәнекерлеу, Зерлеу, сіркелеу, Инкрустация, Құю
Өлшемі:
ұзындығы - 6,4 см, ені - 2,6 см, биіктігі -1,1 см. Сынама - 900.
Санат:
Археология, Бағалы металл (алтын)