Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Пектораль

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Арқарлар мүсіншелерімен көркемделген пектораль (тамақша, екі фрагмент). Жарты ай тәрізді тіліктің шеттері ширатпа сымның екі қатарымен және тегіс тік тіліктің қос қатарымен жиектелген. Пекторальдің ішкі бөлігі төрт қатарға дәнекерленген бір-біріне қарама-қарсы қалыптағы арқарлардың майда мүсіншелерімен безендірілген. Арқарлардың аяқтары бүгілген, тұмсықтары көтеріңкі, мүйіздері шиыршықтала иілген. Арқарлар денесінде жарқырауық тастар қондырылатын дөңгелек, тамшы, үтір тәрізді ойық-ұяшықтар бар, қысқа құйрықтары денеге жабысқан. Тілік шеттеріндегі арқарлар тұлғасының алдыңғы бөлігі - бастары мен мүйіздері шауып бара жатқан аңдар қатарының шексіздігін байқатқандай, мүсіншелер аралығы дәнекерленген түйіршіктермен безендірілген. Кейбір арқарлардың мүйізі жеке құйылып смоламен бекітілген. Пекторальге дәнекерленген арқарлардың жалпы саны - 70, жартылай пішіндер - 7, кіші фрагменттегі арқардың жотасындағы ұяшықта 1 тас сақталған. Жалаулы ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы. Кездейсоқ олжа, 1988 ж.

Мерзімделу кезеңі: Б.з.д. VIII -VII ғғ.
Материал: Алтын
Техника: Дәнекерлеу, Зерлеу, сіркелеу, Инкрустация, Құю
Өлшемі: ені -14,5 см, биіктігі - 8,0 см, шеңбердің ұзындығы - 72,2 см, негізгі тіліктің қалыңдығы 0,7 х 0,8 мм, арқардың ұзындығы - 1,5 см, биіктігі - 1,1 см. Сынама - 900.
Санат: Археология, Бағалы металл (алтын)
Scroll to Top