Куәлік төсбелгісімен
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Мерейтойлық төсбелгі куәлігімен бірге.
Қаламгер Әли Ысқабайға тиесілі. Құжат иесінің 2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгімен марапатталғанын растайды.
Куәлік ақ түсті қатырма қағаздан жасалған. Сыртқы бетінде Қазақстан Республикасы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің логотипі бейнеленген.
Төсбелгі сары түсті металдан жасалған, дөңгелек пішінді. Алдыңғы бетінде «Қазақстан Республикасы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі», «30 жыл», «1987-2017» деген жазулар орналасқан. Орталық бөлігінде бидай масақтары бейнеленген Қазақстан Республикасының картасының бедерлі бейнесі түсірілген. Медальонның екі қапталында көк түсті сәндік элементтер орналасқан. Төсбелгінің жоғарғы бөлігі ортасынан тік орналасқан сары жолағы бар көк түсті матамен қапталған тағанға бекітілген. Артқы жағында кеудеге тағуға арналған бекіткіші бар.