Медаль
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
О.Сүлейменовке берілген «Халықаралық антиядролық Семей- Невада қозғалысына 30 жыл» медалі. Аверсінде қолына бейбітшілік түтікшесін ұсынған үндіске қарама- қарсы қарап отырған адамның бейнесі мен төменгі жағында «1989- 2019» деген жазуы бедерленген. Реверсінде шеңбердің жиегін айналдыра «Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар күні» деп, ортасында «кеңінен ойлап, жергілікті әсер ет!» деген жазулары бар. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы бесбұрышты қатқыл лентамен қапталып, тағанға бекітілген. Лентаның ортасына қызыл, екі жағына көк түсті жолақтар өтеді.
Мерзімделу кезеңі:
2019 ж.
Материал:
Қатты таспа, Металл, Эмаль
Техника:
Зауыттық өнім
Өлшемі:
диаметр - 3,5 см, таған - 3х4,7 см.
Санат:
Марапат, Фалеристика