Медаль
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
И.Сапарбайға берілген «Астана 10 жыл» мерекелік медалі. Аверсінде шеңбердің ішінде «Бәйтерек» монументі, екінші көріністе Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» Резиденциясы, жоғарғы жағында «10 жыл Астана» деген жазу бейнеленген. Шеңбердің сыртқы жағында 8 бұрыштың ішінде ұлттық ою-өрнек бейнеленген. Шеңбердің сырты 8 бұрыш және кристалл тектес сегіз үшкіл шашыраңқы өрнекпен көмкерілген. Реверсінде шеңбердің ішкі жағында «Қазақстан Республикасы 2008» деген жазу мен ұлттық ою-өрнек бедерленген. Мерекелік медаль құлақша мен шығыршық арқылы тікбұрышты тағанға бекітілген. Таған көгілдір, сары, қызыл түсті жібек қатқыл лентамен қапталған.
Мерзімделу кезеңі:
2008 ж.
Материал:
Металл, Эмаль
Техника:
Зауыттық өнім
Өлшемі:
диаметр - 4 см, таған - 4,6х3,2 см.
Санат:
Марапат