Медаль
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
М. Крушевқа берілген «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 30 жылдығы» медалі. Аверсінде қолына қылыш ұстаған әйел адам бейнесі, жоғарғы жағында ұсақ жұлдызшалар, сол жақ шетінде «1945-1975» деген сандар мен лавр жапырақтарының тізбегі бедерленген. Реверсінде шеңбердің ортасында «ХХХ лет Победы в Великой Отечественной войне 1941- 1945 гг.», жоғарғы жағында «Участнику войны» деген жазулар, төменде лентаның ортасында айқасқан орақ пен балға бедерленген. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы бесбұрышты қатқыл лентамен қапталған тағанға бекітілген. Қызыл түсті лентаның бір шеті мен ортасынан қара және сары түстерден екі жолақ өтеді. Жазулары: «1945-1975», «ХХХ лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Участнику войны».