Медаль
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
И. Сапарбайға берілген «Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» медалі. Аверсінде ішкі 8 бұрышты шеңбердің ішінде көк фонда ғимарат, төменгі бөлігінде жасыл фонның үстінде төбелер бейнеленген. Сыртқы шеңбердің ішінде қызыл түсті эмальмен «Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» деген жазу мен жұлдызша бедерленген. Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы көк түсті эмальмен көмкерілген күрделі пішінді тағанға жалғанады. Визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Мерзімделу кезеңі:
2011 ж.
Материал:
Металл, Эмаль
Техника:
Зауыттық өнім
Өлшемі:
Диаметр - 3,5 см, таған 1,5х3,5 см.
Санат:
Марапат