Медаль
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Медаль. И.Сапарбайға берілген «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі. Аверсінде мерейтой эмблемасының бейнесі- желбіреген жалаудың аясында рәмізделген сәулелі күн түрінде орындалған бедерлі 20 саны орналасқан. Төменгі жағында Ақорда ғимаратының бедерлі бейнесі орналасқан. Реверсінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» бедерлі жазуы бар. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы қатқыл лентамен қапталған тағанға жалғанады. Лента қызыл және көк түсті екі жолақтан құралған. Ортасында тігінен тұрған бедерлі лавр бұтағы түріндегі металл жапсырма орналасқан.
Мерзімделу кезеңі:
2011 ж.
Материал:
Мата, Металл
Техника:
Бедерлеу
Өлшемі:
Диаметр - 3,4 см, таған - 5х3,2 см.
Санат:
Марапат