Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Медаль

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

М.Крушевқа берілген «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 40 жылдығы» медалі. Аверсінде бесжұлдызшаның ішінде күмбезінде жұлдызшасы бар ғимарат, үш жауынгер бейнесі. Төменгі жағында лавр жапырақтарының тізбегі, жоғарғы жағында «1945, 1985» деген сандар бедерленген. Реверсінде шеңбердің ортасында «40 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», жоғарғы жағында «Участнику войны» деген жазулар, төменде орақ пен балға және лента бедерленген. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы бесбұрышты қатқыл лентамен қапталған тағанға бекітілген. Лентаның ортасынан екі қызыл, екі сары және қара, үш жіңішке жасыл жолақтар өтеді.

Мерзімделу кезеңі: ХХ ғ.
Материал: Металл
Техника: Зауыттық өнім
Өлшемі: диаметрі - 3,2 см, таған - 4,9х4,7 см.
Санат: Марапат
Scroll to Top