Медаль
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Естелік медаль. Ақын-сазгер И.Сапарбайға берілген Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған естелік медалі. Аверсінің ортаңғы бөлігінде хандар бейнесі мен керуен бастаған батырлар, оның төменгі жағында «550 жыл, 1465-2015» деген жазулар, жоғарғы бөлігінің сол жағында күннің астындағы бүркіт, оң жағында латын әріптерімен «Qazaq handygy» деген жазулар бедерленген. Реверсінде жоғарғы бөлігінде шаңырақ, оның төменгі жағында
«Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы», «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясы» деген жазулар бедерленген. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы алты бұрышты тағанға бекітілген. Таған екі шетінде қою көк жолағы бар, сұр түсті қатқыл лентамен қапталған.
Жазулары: «550 жыл, 1465-2015», «Qazaq handygy», «Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы», «АҚ ЖОЛ».