Шетік мәсі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шетік мәсі. Қоңыр түске боялған күдеріден тігілген ер адамның аяқ киімі. Қонышы екі бөлек: балтыр бөлігі күлшінімен бірге тұтас пішілсе, алдыңғы бөлігінің жеке пішілген және тізеге қарай озып (биік) келген. Бұл екі бөлік бүйірінен біріктірілген. Тұмсығы - үшкілденген қайқы тұмсық. Өкшесіне бірнеше қабат ұлтан тайқылана салынғандықтан шетік мәсі деп аталады. Ұлтаны мен керсені (басы) арасына «ақмұрт» (жолақ) жүргізілген. 1936 ж. музейге алынған.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ. басы.
Материал:
Күдері, Тері, Ұлтан
Техника:
Илеу, Тігу
Өлшемі:
Қонышы: алды - 46 см, арты - 31 см, тұрқы - 31 см, табан ені - 11 см, өкше биіктігі - 2 см.
Санат:
Киім және кесте, Этнография