Кілем
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Түкті кілем. Көліне жасыл, қызыл түсті үш үлкен гүлқауызы өрнегі терілген, екі суы, бір қорғаны бар, екі шеті шашақты қызыл кілем. Гүлқауызы өрнегін айнала жасыл түсті шынжара өрнегімен жиектеліп, екі жанына жасыл, қызыл түсті гүл өрнектері салынған. Кілемнің жиегіне көгеріс өрнегінен екі қатар су жүргізіліп, арасындағы қара түсті қорғанына гүл өрнегі қайталанып салынған. Кілемнің кенересі айнала қара түсті жүн жіптен түкті етіп тоқылып, екі шетіне желі жібінен қысқа шашақ шығарылған. Шымкент облысы, Келес ауданында жасалған. Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) облысы.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ. 2-жартысы.
Материал:
Жүн
Техника:
Өрмек тоқу
Өлшемі:
235х400 см.
Санат:
Фотосуреттер