Шекпен
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ағима шекпен - тысы қолдан қоңыр түсті түйе жүнінен тоқылған матадан, астары ұсақ жолақты матадан тігілген ер адамның сырттық киімі. Кебенекше ойып пішілген. Жеңі мата қиындыларынан құралып қусырылған, таяз жең ойындысына қондырылған. Жең түбінің үшбұрыш қиық салынған. Жаға, өңірі, етегіне жең аузының ішкі жағына қара түсті шибарқыттан ені 9 см етіп әдіп салынған және сыртқа қарай емеріліп тігіліп, көмкерме тәрізді жасалған. Етек, жең, өңірді жіппен екі қатар иректеп сырып тігілген. 1987 ж. Түркіменстанға жасаған МОМ экспедициясы кезінде Красновод обл., Красновод ауд., Куйбышев атындағы с-з, Қошоба ауылының тұрғыны Бозтаева Жұпардан алынған.
Мерзімделу кезеңі:
1941 - 1942 жж.
Материал:
Барқыт, Мақта мата
Техника:
Пішу, Сырып тігу, Тігу
Өлшемі:
Жалпы ұзындығы - 127 см, жең ұзындығы - 69 см, екі иіннің аралығы - 66 см, етек шалғайы - 216 см.
Санат:
Киім және кесте, Этнография