Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Мұйық (аяқ киім)

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Мұйық. Қойдың иленген терісінен жүнін ішіне қаратып жасаған аяқ киім. Үш бөліктен тұрады: табаны, екі жақтауы жекежеке пішіліп, жөрмеп тігілген. Мойын тұсында қыл мен жүн аралас есілген бауы (ұз. 66 см) бар. Аяз қатты болған кезде мал күзеткен малшы, даладағы аңшы, қосшы, жолаушы етіктің ту сыртынан киеді. Иесі - Сандықбай Рүстем, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы. Оның Алматы облысында тұратын ұрпақтарынан 2000 ж. музейге алынған.

Мерзімделу кезеңі: ХІХ ғ. аяғы
Материал: Жүн, Тері
Техника: Илеу, Тігу
Өлшемі: Қонышы: алды - 27 см, арты - 45 см, табан: ұзындығы - 32 см, ені - 19-27 см.
Санат: Киім және кесте, Этнография
Scroll to Top