Сынапкөзе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сұр саз балшықтан жасалған сынапкөзе. Өте тар аузы бар, қысқа мойынының жиегі өрнектелген, қабырғасы қалың ыдыс. Шар тәрізді, түбі сүйір пішінді, ұшы сүйірлене біткен. Бұйым көлемді, ауыр. Жоғарғы бөлігі концентрлік шеңберлермен, тік жолақтармен және мөрленген өрнекпен безендірілген. Ыдыстың жоғарғы бөлігі зақымданған, қалпына келтірілген.
Мерзімделу кезеңі:
X-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
h - 12,8 см., мойын ұзындығы - 2,5 см., ернеу диаметрі - 2,7 см., тұлға диаметрі - 9,3 см., ауыз диаметрі - 1,0 см.
Санат:
Археология