Тағара
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Үстіңгі жағы жалпақ, қусырылған конус тәрізді формада жасалған. Қабырғалары жоғары қарай кеңейіп, шеткі жиегі сыртқа қайырылған. Жиектің төменгі бөлігі толқынды білік түрінде орындалған. Асты шынылы өрнекпен безендірілген. Ішкі және сыртқы беті жылтыр сырмен сырланған. Тағара жақсы иленген, қоңыр түсті саз балшықтан қол шарықта жасалған. Затты жөндеу кезінде жасалған үш тесік бар.
Мерзімделу кезеңі:
Х-XII вв.
Материал:
Керамика
Техника:
Жылтырату, Керамика техникасы
Өлшемі:
h-14 см., d устья- 52 см., d дна - 14 см.
Санат:
Археология