Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Бұйым бөлшектері

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Бұйым бөлшектері (сандықша?). Әртүрлі өлшем мен пішіндегі 9 тақтайша анықталды. Екі топқа бөлінеді: Бірінші топ - төрт ірі, қалың тақтайшадан тұрады. Екінші топ - бес жұқа, шағын тақтайшадан тұрады, олардың кейбіреуінде бүйірлік ойықтар бар.1) Тікбұрышты пішінді, өлшемі - 12,2×2,3 см, қалыңдығы - 0,6 см. Бір жерде шоғырланған әртүрлі диаметрлі үш дөңгелек сквозной (тесіп өткен) тесігі бар: 1,7 мм, 2,4 мм және 2 мм. Бұрышында қиғаш орналасқан тағы бір тесік бар. Бір шеткі (торец) жағы қиғаш кесілген. Ұзын қырларының бірінде жоғарғы жиегіне жақын орналасқан көлденең ойық бар.

2) Тікбұрышты пішінді, өлшемі - 12,3×2 см, қалыңдығы - 0,7 см. Бір жерде шоғырланған төрт дөңгелек тесік бар, диаметрлері: 2,1 мм, 2,4 мм, 2,3 мм, 2,4 мм. Бір шеткі жағы қиғаш кесілген. Артқы бетінің бірі - тегіс, екіншісі - қиғаш. Ұзын жағында жиегіне жақын көлденең ойық бар.

3) Тікбұрышты пішінді, өлшемі - 12,2×2 см, қалыңдығы - 0,7 см. Бір жерде шоғырланған үш дөңгелек тесік бар: 4 мм, 2,4 мм, 1,8 мм. Бұрышында қиғаш орналасқан тағы бір тесік бар. Бір торец жағы қиғаш кесілген. Артқы бетінің бірі - тегіс, екіншісі - қиғаш. Ұзын қырында жиегіне жақын көлденең ойық бар.

4) Тікбұрышты пішінді, өлшемі - 11,4×1,9 см, қалыңдығы - 0,3 см. Орта тұсында диаметрі 2 мм болатын бір дөңгелек тесік бар. Бір жағы қиғаш кесілген. Артқы бетінің бірі - тегіс, екіншісі - қиғаш.

5) Тікбұрышты пішінді, бір жағында доға тәрізді ойық бар, бір бұрышы кесілген. Өлшемі - 5,2×1,5 см, қалыңдығы - 0,2 см.

6) Тікбұрышты пішінді, бір жағында доға тәрізді ойық бар. Өлшемі - 5,2×1,2 см, қалыңдығы - 0,2 см.

7) Тікбұрышты пішінді, бір жағында ортасында доға тәрізді ойық бар. Өлшемі - 7×1 см, қалыңдығы - 0,2 см. Артқы беті қиғаш.

8) Тікбұрышты пішінді, бір жағында ортасында доға тәрізді ойық бар. Өлшемі - 5,5×1,1 см, қалыңдығы - 0,2 см. Артқы беті қиғаш.

9) Тікбұрышты пішінді, бір жағында ортасында доға тәрізді ойық бар. Өлшемі - 4,2×1,2 см, қалыңдығы - 0,2 см.

Мерзімделу кезеңі: VI-XII
Материал: Сүйек
Техника: Өңдеу
Өлшемі: 1) 12,2x2,3 см., 6) 5,2x1,2 см., 2) 12,3x2 см., 7) 7 x1 см., 3) 12,2x2 см., 8) 5,5 x1,1 см., 4) 11,4x1,9 см., 9) 4,2 x1,2 см., 5) 5,2x1,5 см.
Санат: Археология
Scroll to Top