Тоға
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Құрамалы белдік тоғасы. Томпақ, бадам пішінді. Тоғаның үстіңгі беті төрт қатарға дәнекерленген арқарлар мүсіншелерімен әсемделген. Жоғарғы, бірінші қатарда 1, екіншіде 6, үшіншіде 8, төртіншіде 6 арқар мүсіншесі бар. Жоғарғы қатардың шеттерінде арқардың басы бірден дәнекерленсе, екінші қатардың бір жағында басы, ал екінші жағында мүйізі көрсетілген, бұлар шауып бара жатқан аңдар қатарының шексіздігін бейнелейтін сияқты. 2, 3 қатарлардың арасына ұя дәнекерленген. Арқарлардың аяқтары бүгілген, денесінде жарқырауық тастар қондырылатын үтір тәрізді ойық-ұяшықтар бар. Пішіндердің арасы жиі түйіршіктермен толтырылған. Тоғаның астыңғы бөлігіне түйіршіктермен көмкерілген белбеу өткізілетін ұяшықты тік төрт тілік дәнекерленген. Бұларға тікбұрышты жұқа көлденең тілік дәнекерленген. Жалаулы ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы. Кездейсоқ олжа, 1988 ж.