Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Тоға

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қос бұғы пішініндегі тоға. Қарама-қарсы бағытталған екі бұғы, бастары артқа қарай күрт бұрылған, қайшыласқан ұзын құлақтары тұлға әсемдігін айқындайды. Бұтақ тәрізді тармақты мүйіздері төрт бұтақтала құлақтарының үстіне көлбеулене жайылып көтерілген, мүйіздерінің алдыңғы тармағы иіліп алға бағытталған, жоғарғы ұштары түйіскен - «әлем ағашы» символын білдіреді. Артқы тұяқтарының арасында басы, тұмсығымен грифке ұқсаған қалықтаған құс бейнеленген. Бұғылар, құс денелері жарқырауық тастар қондырылатын ұяшықтармен
әсемделген. Тоғаның артқы жағына екі ілмек дәнекерленген. Жалаулы ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы. Кездейсоқ олжа, 1988 ж.

Мерзімделу кезеңі: Б.з.д. VIII -VII ғғ.
Материал: Алтын
Техника: Гравюра, Дәнекерлеу, Инкрустация, Құю, Қырнау, түртпе
Өлшемі: Ұзындығы - 4,6 см, ені - 3,8 см, биіктігі - 3,4 см. Салмағы - 16,57 грамм. Сынама - 900.
Санат: Археология, Бағалы металл (алтын)
Scroll to Top