Саптыаяқ
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қолмен жасалған. Өрнексіз. Бір тік орналасқан, ілмек тәрізді, көлденең қимасы сопақша тұтқасы бар. Мойны биік, жоғары қарай біртіндеп тарылған. Шанағы созылыңқы, жоғарғы бөлігінде сәл кеңейіп, түбіне қарай біртіндеп тарылған. Тұтқасының сыртқы жағында жарты шар тәрізді жапсырма бар. Беткі қабатының түсі біркелкі емес: басым бөлігі қара және қою сұр түсті, тұтқа тұсындағы бөлігі ашық қоңыр түсті.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
Биіктігі - 8,6 см, ернеуінің диаметрі - 9 см, тұлғасының диаметрі - 11 см, түбінің диаметрі - 7,4 см.
Санат:
Археология