Тандыр қақпағының бөлігі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жапсырма. Өрнектелген. Шетіне жақын жерде шеңбер тәрізді терең, ұқыпсыз жүргізілген сызық салынған. Оның төменгі жағына екі сызықтан құралған доға тәрізді бейнелер түсірілген. Бұл бейнелердің іші қиғаш сопақша ойықтармен (насечкалармен) толтырылған. Тұтқаның түбінде саусақпен басып жасалған 3 ойық бар. Тұтқасы көлденең қимасында сопақша пішінді болған.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
Қалыңдығы - 1,6 см, сақталған бөлігінің өлшемі - 19 × 18 см.
Санат:
Археология