Жапсырма
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ірі. Домалақ пішінді, жоғары, сәл кеңейетін ернеуі бар. Оның қабырғалары сәл тарыла береді. Алдыңғы бетінде тесік айналасына төрт бағытта ұштары дөңгеленген шағын жапырақшалары бар төрт жапырақты әшекейлер орналастырылған. Олардың жиектері ойықпен көмкерілген, ал ортасында шағын дөңгелек дөңестік бар. Бұл ою элементі алтын жалату арқылы айқындалған. Әшекей арасында бір-бірімен жіңішке қосқыш арқылы жалғасқан екі созылыңқы ромб пішінді фигура бейнеленген. Артқы жағында екі ірі ілмегі бар.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII
Материал:
Күміс
Техника:
Құю
Өлшемі:
Диаметрі - 32 мм, биіктігі - 7 мм, шпеньктерімен бірге - 10 мм, ортасында диаметрі 9 мм болатын дөңгелек тесік бар.
Санат:
Археология