Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Мәсі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Мәсі - қара былғарыдан, қоңыр ұлтанмен астарлап, машинкамен тігілген түзу табан ер адамның мәсісі. Қонышы, басы, сіріөкше жеке-жеке пішіліп, сырылған. Қоныштың тігісі балтыр жағына сыздық салып тігілген. Сіріөкшесіне геометриялық өрнегі бар қоңыр түске боялған тасұлтан салынып, қолмен ұлтарылған. Табан ұлтанға мық шегелермен қағылған.
1982 ж. Қарақалпақстанның Ходжейлі қаласының тұрғындарынан алынған.
Былғары, тасұлтан, ағаш.

Мерзімделу кезеңі: 1981 ж.
Материал: Ағаш, Былғары, Ұлтан
Техника: Илеу, Пішу, Тігу
Өлшемі: Қонышы: алды - 35 см, арты - 34 см, тұрқы - 26 см, табан ені - 4-9 см.
Санат: Киім және кесте, Этнография
Scroll to Top