Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Тұскілем

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Былғары тұскілем. Өң беті қара былғарыдан, астары қоңыр киізден беттестіріле тігілген, кенересі қызыл барқытпен жұрындалған тұскілем. Табағына (ортасына) қосмүйіз, үшжапырақ өрнектерінен тұратын төрт гүлқауызы өрнегі бедерленіп, күміс шытыралар қондырылған. Табағын айналдыра П үлгісінде бес қатар фриз бедерленіп, аралықтарына ақ, қызыл түсті матадан алақұрт өрнек және жапырақ, көгеріс пішінді күмістен шытыралар орнатылған. Жалпақ қорғанына ирексу, үшжапырақ, көгеріс өрнектері бедерленіп, күміс шытыралар қондырылған. Кенересі қызыл барқытпен жұрындалған Қабырғаға ілуге арналған сегіз ілгек тігілген. Материалына, жасалу техникасына қарай еш теңдесі жоқ, құнды кілемдердің бірі болып табылады. Алматы (Талдықорған) облысы.

Мерзімделу кезеңі: 1890 ж.
Материал: Барқыт, Былғары, Киіз, Күміс, Мата
Техника: Бедерлеу, Илеу, Қалыптау, Тігу
Өлшемі: 103 х 228 см.
Санат: Кілем-киіз бұйымдары
Scroll to Top