Құмыра
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жіңішке мойынды, ашық түсті саздан жасалған құмыра. Оның мойыны қысқа, жіңішке, дөңгелек тәрізді пішінді. Денесі мойынынан иығына дейін тік бағытта бекітілген, дененің бекітілген орындары сақталған. Ыдыстың беті қою қоңыр ангобтың аққан іздерімен қапталған. Құмыраның иығы мен денесі шеңберлермен безендірілген. Қол шарықта жасалған.
Мерзімделу кезеңі:
Х-XII ғғ.
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
Биіктігі - 19,8 см., ернеуінің диаметрі - 6,0 см., тұлғасының диаметрі - 10,5 см., түбінің диаметрі - 7,9 см.
Санат:
Археология