Текемет
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Текемет- киіздің бетіне түрлі ою-өрнек салып басылған үй бұйымы. Текемет жүннен бастырылып, қара, қызыл, көк, сары жасыл түсті жіптермен оюлар басылған. Ол төсеніш ретінде қолданылады. Киіз үйдің еденіне сыз өтпеу үшін ақ ши төсеп, үстіне
бетіне көркемдеп түрлі өрнек салып басылған текемет жайылады. Мұндай жүннен басылған текемет жерден сыз өткізбейтін, жылу сақтағыш қызмет атқарумен қатар, үйдің көркін кіргізіп тұрады.
Мерзімделу кезеңі:
1905 г.
Материал:
Қой жүні
Техника:
Өрнектеу, Сулы киіз басу
Өлшемі:
272 × 170 см.
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары