Құмыра
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Кең мойынды құмыра, қолдан жапсырылып қызыл саздан жасалған, үсті ашық қызыл ангобпен жабылған. Құмыраның денесі шар тәрізді, үстіңгі жағы сәл томпақ, ал түбі жалпақ және тарлау келеді. Құмыраның денесінің бүйірінен мойнына дейін тік бағытта ілмек тәрізді тұтқа бекітілген, оның үстіңгі жағында дөңес бар. Мойынның сыртқы бетінде шығыңқы жапсырылған көлденең жиек ішінара сақталған, онда көлбеу сызықты тілікшелер бар. Тұтқа бекітілген деңгейде, құмыраның дөңес бүйірінде көлденең бағытта орналасқан төрт дөңес сақталған. Құмыра денесінің төменгі жағының сыртқы беті күйемен көмкерілген (яғни қара күйе басқан).
Мерзімделу кезеңі:
X-XII вв.
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
Высота - 17,5 см, Диаметр днища - 6,9 см, Диаметр венчика - 9,8 см, Ширина ручки - 2,4 см., Диаметр тулова - 11,8 см., Высота ручки - 6,5 см.
Санат:
Археология