Бүркітші құралдары
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бүркітші құралдары - 3 заттан тұрады: биялай - қолғап, томаға, кісен. Биялай - иленген теріден жасалған. Оның жиектерін капрон жіппен тіккен. Биялайдың үстіңгі беті көнерген. Томаға - бүркітшінің басына кигізіледі. Ол былғарыдан жасалған. Томағаның алдыңғы беті сүйірлеу келген. Томағаның астыңғы бетін ақ шытпен айналдырып тіккен. Кісен - былғарыдан жасалған.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ.
Материал:
Былғары, Жіп
Техника:
Киіз басу, Қалыптау, Қосып тігу, Оюлау, Өңдеу, Тесу, оймалау
Өлшемі:
48 см х 28 см.
Санат:
Ат әбзелдері және тері-былғары бұйымдары