Торсық
Қоңыр түсті былғарыдан жасалған. Екі жағы бір бірімен беттестіріліп,шеттері айналдыра уақ түспен тігілген. Торсықтың екі жақ бетіне 4 жерден қара түспен жиектелген ұзынша жайылған қазақтың мүйіз оюлары қашылып сақталған. Екі қатардағы бүйірінің шеттері ішке қарай иілген. Торсықтың матаны жіңішке,ұзын ағаштан жасалған тығыны бар.