Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құрметті портал қолданушылары!

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «E-museum» веб-порталы – еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.

Порталдың негізгі мақсаты – Қазақстан музейлерінің қорын цифрландыру, тарихи-мәдени мұраны сақтау және оны кең аудиторияға қолжетімді ету. Бұл платформа музей саласындағы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, ғылыми-зерттеу, білім беру және ағартушылық бағыттағы жұмыстарға жаңа мүмкіндіктер ашады.

«E-museum» веб-порталы отандық мәдени мұраны жүйелеуге, музейлер арасындағы өзара ықпалдастықты нығайтуға және халықаралық деңгейде танытуға бағытталған маңызды құрал болып табылады.

Жоба мәдениет саласының дамуына нақты үлес қосып, қоғам мен музей қауымдастығы үшін сенімді ақпарат көзіне айналады деп сенемін.

Құрметпен,

БАЛАЕВА АИДА ҒАЛЫМҚЫЗЫ
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Мәдениет және ақпарат министрі

Scroll to Top